Павлодарда Tartyl Fest жеңімпаздары белгілі болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда Tartyl Fest республикалық спорт фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Президенті жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қоры» қоғамдық қорының мұрындықболуымен өтіп жатқан респуликалық фестивальдің Павлодарда турнирі ERTIS PROMENADE кешенінде өтті.

Сайысқа 261 павлодарлық қатысты. Ең жас қатысушы 6-да болса, ең егде үміткер НұрланҚасеновтің жасы 68-де. Ол турникке 19 рет тартылып, жастардың жігерін жаныды.

Әзірге Қазақстан бойынша 51 жастағы Қарағанды тұрғыны Андрей Антонян қойған рекордты ешкім бұза алмай келеді. Ол 45 рет тартылған болатын.

Павлодарда өткен турнир жеңімпаздарының тізімі мынадай:

18 жасқа дейін (55 келіге дейін):

1 орын - Аян Құсайынов - 16 жас, 51 келі - 31 рет

2 орын - Хаджикарим Семигулин - 16 жас, 54 келі - 30 рет

3 орын - Расул Əлімжан - 16 жас, 54 келі - 27 рет

18 жасқа дейін (55-70 келі):

1 орын - Ерсұлтан Қаршығинов - 16 жас, 58 келі - 29 рет

2 орын - Сәтжол Тілеуберді - 17 жас, 62 келі - 27 рет

3 орын - Кирилл Медведь - 17 жас, 66 келі - 26 рет.

18 жасқа дейін (70 келіден жоғары):

1 орын - Темірлан Дүйсембай - 17 жас, 72 келі - 28 рет

2 орын - Ерасыл Ауталипов - 17 жас, 70 келі - 21 рет

3 орын - Алдияр Нәбиолла - 16 жас, 75 келі - 20 (25) рет

18-30 жас (65 келіге дейін):

1 орын - Айзар Бердібаев - 22 жас, 60 келі - 37 (40) рет

2 орын - Нұрдəулет Аяпберген - 21 жас, 64 келі - 37 (39) рет

3 орын - Сергей Романчук - 29 жас, 64 келі - 34 (37, 35) рет

18-30 жас ( 65-80 келі):

1 орын - Алмас Сабыр - 22 жас, 69 келі - 36 рет

2 орын - Алексей Андреенко - 26 жас, 74 келі - 32 рет

3 орын - Савченко Константин - 18 жас, 67 келі - 28 (28) рет

18-30 жас (80 келіден жоғары):

1 орын - Фариз Юсубов - 26 жас, 82 келі - 27 рет

2 орын - Данил Шелепало - 22 жас, 83 келі - 23 (24) рет

3 орын - Александр Никишов - 27 жас, 85 келі - 23 (21) рет

30 жастан жоғары (80 келіге дейін):

1 орын - Жәнібек Айтпышев - 39 жас, 66 келі - 29 рет

2 орын - Дәулет Айтбаев - 30 жас, 68 келі - 28 рет

3 орын - Ерболат Ембергенов - 32 жас, 68 келі - 27 (32) рет

30 жастан жоғары (80-90 келі):

1 орын - Илья Иванов - 31 жас, 81 келі - 32 рет

2 орын - Никита Берендеев - 32 жас, 80 келі - 25 рет

3 орын - Мақсұт Беков - 37 жас, 83 келі - 24 (24) рет

30 жастан жоғары (90 келіден жоғары):

1 орын – Әділ Асаубаев - 41 жас, 101 келі - 21 рет

2 орын - Асылбек Нұрпейісов - 37 жас, 91 келі - 17 рет

3 орын - Сержан Аманжолов - 31 жас, 91 келі - 15 рет

Бірінші орын алған сайыскерлерге 200 мың теңге, екінші орын алғандарға 100 мың теңге, үшінші орын иегерлеріне 50 мең теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.

Tartyl Fest фестивалі 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында еліміздің 20 қаласында өтеді. Әр қалада жеңімпаз атанғандарға ақшалай сыйлық беріледі.

Нақтырақ айтсақ, әр қаладан тоғыз санат бойынша 27 жеңімпаз іріктеліп шығады. Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы гранд-финалға қатысады. Гранд-финалдың жүлде қоры –54 млн теңге.

Гранд-финал чемпиондары Street Workout-тан өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.

Жобаның амбассадоры – қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер Айтым Жақыпов. Ол street workout-тан Қазақстанда және әлемде бірнеше рет рекорд орнатқан. Streetlifting-тан Еуропа рекордын жаңартқан. Сондай-ақ Қазақстандағы streetworkout қозғалысының негізін қалаушылардың бірі болып есептеледі.

Tartyl Fest республикалық спорт фестивалінің өңірлердегі турнирі 30 тамыз күні Семейде, 2 қыркүйек күні Өскеменде жалғасып, 6 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда түйінделеді.


Соңғы жаңалықтар