Павлодарда ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы ауысты
1975 жылы туған Вадим Ковальчуктың жоғары экономикалық білімі бар, 2001 жылы экономист-қаржыгер біліктілігі бойынша Павлодар университетін тәмамдады.
Еңбек қызметін 1994 жылдың қараша айынан № 3 тұрғын үй іске қосу учаскесінің бас инженері болып бастады. 2001 жылдың наурыз айынан бастап 2002 жылдың қаңтар айына дейін және 2002 жылдың шілде айынан бастап 2006 жылдың қыркүйек айына дейін «Павлодарэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шебері, желі учаскесінің бастығы, кварталдық құбыр жүргізу учаскесінің бастығы болып қызмет етті.
«Павлодар жылу желілері» акционерлік кәсіпорындарында түрлі лауазымдарда жұмыс атқарды.
Осы жылдың шілдесінде «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды, онда қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеді.