Павлодарда тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Шахмат үйінде 1-лигадағы колледждердің XIII облыстық спартакиада бағдарламасы аясында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
None
None

Оған 17 қыздар командасы мен 17 ұлдар командасы қатысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар командасы арасында бірінші орынды Инновациялық Еуразия университеті колледжінің командасы иеленді, Павлодар бизнес колледжінің командасы екінші орынды, ал Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі үшінші орынға табан тіреді.

Қыздар арасында бірінші орын медициналық колледж командасына тисе, екінші орынды Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледж командасы алды, ал жүлделі үшінші орын Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің қанжығасына байланды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының грамоталарымен, дипломдармен және естелік медальдармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар