Павлодарда тұрғын үй секторына энерготиімді технологияларды енгізу мәселесі талқыланады

ПАВЛОДАР. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодардағы Инновациялық Еуразиялық университетінің жанындағы Энергияны сақтау және білімді тарату орталығында екікүндік көшпелі семинар өз жұмысын бастайды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Оны Павлодар облыстық әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы филиалының қолдауымен «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ өткізуде.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мамандары мен кондоминиум басқармаларының төрағаларына 2011-2020 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының орындалу барысы мен оған енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндалады.

Семинар қатысушылары жекелеген үйлерді күтудің жаңа әдістерімен және тұрғын үй шаруашылығына энерготиімді технологияларды енгізу мүмкіндіктерімен танысатын болады.

Соңғы жаңалықтар