08:36, 24 Наурыз 2014 | GMT +5
Павлодарда тұрғын үйде шыққан өрттен ер адамның мәйіті табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 техника жұмылдырылды. Өрт шарпыған аумақ 7 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 1970 жылғы ер адамның мәйіті табылды.