Павлодарда ҮИИД МБ бойынша құны 22,8 млрд. теңгені құраған сегіз жоба енгізілді
«Олардың арасында металлургия, металл өңдеу, мұнай-химия өнеркәсібі және ауыл шаруашылығындағы жобалар бар. Бұл бізге 505 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді», - деп атап өтті облыс орталығының басшысы.
Жалпы сомасы екі мыңға жуық млрд. теңгені құрайтын төрт жоба «KSP Steel» ЖШС-не енгізілді. Бұл - «металлургия өнеркәсібі үшін валка өндірісін ұйымдастыру», «металлургия өнеркәсібі үшін флюстерді өндіру», «құбыр илемдейтін өндірістің қуаттылығын жылына 270 мың тонна құбырға дейін өсіру» және диаметрі 40-100 мм. шарларды шығару бойынша шар илемдейтін өндірісті құру. Жобаларды орындау зауытта 194 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
«БО-НА» ЖШС-де жоғары технологиялы залалсыздандыру құралдарының өнідіріс іске қосылды. Инвестициялар көлемі 120 мың теңгені құрап, 25 жұмыс орны құрылды.
«Компания Нефтихим LTD» ЖШС «Ұнтақты полипропиленді түйіршіктеуді орнату» жобасын іске асырды. Жобаны іске асыру инвестицялары 3,7 млрд. теңге болған, 13 жұмыс орны құрылды.
«Қазақстан алюминийі» АҚ үшін мұнай коксының прокалканы орнатуын салып жақтан «УПНК - ПВ» ЖШС-де желтоқсанда «салқын іске қосу» өткізілді. Бұл нысанды құруға салынған инвестиялардың көлемі 16,8 млрд. теңгені құрады. Жаңа өндірісте 250 жаңа жұмыс орны құрылды.
Ауыл шаруашылығы саласында да жаңа жоба іске қосылды. «Сағып» ШҚ-да бөтелкеге құйылған қымыз және ет деликатестерінің өндірісі бойынша шаруа қожалығы құрылды. Инвестициялар көлемі - 224 млн. теңге, 23 жұмыс орны құрылды.
Б. Бақауовтың айтуынша, ҮИИД бағдарламасы бойынша жұмыс жүйелі түрде өткізілуде. «Биыл біз 16 млрд. 400 мың теңгеге тағы бес жобаны іске асырамыз. Олардың арасында мұнай-химия зауытын жаңғырту, полимер бұйымдарының өндірісін іске қосу және тағы басқалары».
Жекеменшік капиталдың инвестицияларын тарту қалада «BATYR MALL» сауда-ойын-сауық кешені, «Крендель» Банкет Холы, «Alpenhof» Бавария сыра зауыты сияқты нысандарды ашуға көмектесті.