07:45, 17 Маусым 2010 | GMT +5
Павлодарда үш инвестициялық жоба іске қосылмақ
ПАВЛОДАР. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда үш инвестициялық жобаның іске қосылуы болады,

деп хабарлайды облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.
Format зауыты марганец құю өнеркәсібі ұйымын құруды аяқтады, «KSP-Steel» павлодарлық бөлімшесінде болатты вакуумды газсыздандыру құрылғысы қолданысқа тапсырылып жатыр. Ал «Қазақстан алюминийі» «Зауыттың энергиямен қамтамасыз етілуін кеңейту» инвестициялық жобасын іске қосады.
Маусым айында облыс бойынша жаңадан төрт кәсіпорын іске қосылды.