Павлодарда үш жылда 273 жетім бала баспанамен қамтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы үш жылда Павлодардағы асыраушысы жоқ 273 бала баспанамен қамтылды. Сондай-ақ, 5 студент 9 ай бойы Мальта елінде білімдерін же тілдіріп келді. Бұл жайында облыстық мəслихаттың хатшысы Владимир Берковский өңірлік қоғамдық кеңес отырысында мəлімдеді.
None
None

Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында жазады.

- Бүгінде жастар үйіндегі барлық тəрбиеленушілер арнайы курстардан өткізіліп, кəсіби маман ретінде еңбекке тартылуда. Əрине, бұл орайда жастардың жұмысқа орналасуына аймақтағы депутаттардың тікелей ықпалы болды. Сондай-ақ, жетім балаларды патронаттық тəрбиеге алғысы кел ген 18 отбасы өтініш берді, - деді мəслихат хатшысы.

Сонымен қатар, депутат Мальта елінен білім алып келген 5 студент жайлы да айтты. «Олар, - деді В.Берковский, - кəсіби маман ретінде шеберліктерін шыңдап келді. Білімдерін жетілдірді. Енді бұл жастар Павлодардағы мұнай өңдеу зауытында жұмыс істейді. Жалақы алып, өз күндерін өздері көріп жүр».

Соңғы жаңалықтар