17:46, 13 Шілде 2016 | GMT +5
Павлодарда вагон төбесінде селфи жасамақ болған жеткіншекті тоқ соқты
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар стансасының қосымша теміржолдарында 15 жастағы жеткіншекпен оқыс оқиға орын алды, делінген Павлодар көлік прокуратурасының хабарламасында. Бала вагон төбесінде селфи жасамақ болып, теңселгенде жоғары вольтты сымнан ұстағанда оны тоқ соқты.
Жасөспірімді ауруханаға жеткізді, қазір ол жан сақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның аман қалуына таңданып отыр. Оның денесінің 70-80 пайызы электрожарақат алған. Жеткіншектің жағдайы ауыр.
Бұл оқиға Павлодар стансасындағы ЖІІБ сотқа дейінгі тергеудің біріңғай реестріне тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.