Павлодарда «Заманауи мектеп» жобасы жүзеге асырылып жатыр
«Ертіс-Баян өңірінің бірнеше аудандарына барып, мектептерді жөндеу жұмыстарын көрдік. Балалардың жан-жақты дамуы үшін футбол және баскетбол алаңдары, көше тренажерлері, ойын алаңдары сияқты қосымша нысандар салынатыны қуантады. Мектептердегі жөндеу жұмыстары депутаттар мен партия өкілдерінің бақылауында болады», - деді депутат Анатолий Бойчин.
Мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Анатолий Бойчин және Вера Ким «Заманауи мектеп» жобасын іске асыру аясында жөнделіп жатқан Ақсу қаласындағы № 4 білім беру мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл мектеп 1967 жылы салынған. Қазіргі уақытта екі мердігер толыққанды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәжіліс депутаттары жаңалау кезінде, әсіресе өрт қауіпсіздігі мәселесіне баса назар аударды.
Білім басқармасы басшыларының айтуынша, «Заманауи мектеп» жобасы аясында тек күрделі жөндеу ғана емес, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, мұғалімдерге де, оқушыларға да қажетті жағдай жасау қаралған.
Сонымен қатар, «Amanat» партиясының сайлауалды платформасы негізінде ауылдық 54 мектепте қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілмек.
Фото: parlam.kz