Павлодарда «Замандас» облыстық ардагерлер клубы ашылды

Қала кәсіпкерлері жөндеуден өткізген, әдемі жиһаздар қойылған көздің қарашығындай ескі үй облыс ақсақаларының демалуы, кездесуі, әңгіме-дүкен құрулары үшін ұядай жылы орынға айналды. Бұл аймақ аға буындарға жасалған жаңажылдық тарту болды.
Үйде консультациялар мен қызметтер көрсететін бөлме жабдықталған, онда заңгерлер қарт адамдарға қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектеседі, құқықтық анықтамалар береді. Шағын кітапхана Қазақстанның тарихы туралы жаңа кітаптармен, жергілікті авторлардың шығармаларымен жабдықталған.
«Замандаста» үлкен үстел, шай жабдықтары қойылған қонақжай бөлме бар. Онда олар сораптап шай іше отырып, өткен-кеткенді әңгімелейді, жаңалықтардан құлағдар болады.
Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев ақсақалдарды клубтың ашылуымен және Жаңа жылмен құттықтай отырып, «біздер жақсы демалуға, араласуға, шер тарқатысуға, мерекелерді атап өтуге болатын үйді жабдықтадық» деді.
Аймақ басшысы «ардагерлер клубы бюджет есебінен ұсталады, оның қызметі үшін қаражат жағына алаңдамауға болады. Бұл үй - сіздердің берік қамалдарыңыз» деді.