Павлодарда зейнеткер бірнеше тапанша мен мылтықты қайта жасаған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар тұрғыны аңшылық қаруларын заңсыз сақтаған. 66 жастағы азамат оларды қайта өзгертіп жасаумен айналысып келген.
None
None

Арнайы тексеріс кезінде Павлодар ауылының тұрғынынан газды, травматикалық және пневматикалық 4 тапанша, әр түрлі калибрлі 30 патрон, 12-ші калибрлі шолақ мылтық пен әр түрлі калибрдегі аңшылық атыс қаруына 18 ұңғы табылған. Сондай-ақ оқ-дәрілерді дайындауға арналған қоспалар мен арнайы үстел де тәркіленді. Қазір осы қару-жарақтарды тапсырғандар да анықталып жатыр. Ал оларды тек жөндеумен айналысып келгенін жеткізген зейнеткер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ktk.kz.

Соңғы жаңалықтар