Павлодарда жалған ақша жасаушылар мүліктерінің тәркіленуімен 5 және 6 жылға сотталды

ПАВЛОДАР. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодардың қаржы полициясы қылмыстық істі тексерді, жалған ақша жасаушы екі адам мүліктерінің тәркіленуімен бес және алты жылға бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлады экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

Ер адам мен әйел алдын ала келісіп, жалған ақшаларды дайындаумен айналысқан. Олар бір млн. теңгеге екі мыңдық жалған купюраларды дайындап, оны пайдаға жұмсаған. Заманауи техника мен өздерінің жеке «технологиясы» бойынша 500 дана банкнотты дайындап, шығарды. Жалған ақшаны «басу» өндірісін қаржы полициясы әшкерелеп, жолын кесті.

Айта кетейік, өткен жылы павлодарлық қаржы полицейлер жалған ақша дайындаудың 134 оқиғасын анықтады.

Соңғы жаңалықтар