Павлодарда жаңа мектеп пен балабақша салынады

ПАВЛОДАР. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда биылғы жылы 1 200 орындық жаңа мектептің құрылысы басталады.
None
None

Қаланың экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы Татьяна Щичко хабарлағандай, оны былтырғы жылы жабылған, апатты жағдайда тұрған мектептің орнына тұрғызады. Білім мекемесін салу үшін республикалық қазынадан 300 млн. теңгедей қаражат бөлінген.

Биылғы жылы сондай-ақ 280 бүлдіршінге арналған жаңа балабақша салынып, және де төрт мектепалды мекемелер қайта қалпына келтірілетін болады. Нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 300 млн. теңге бөлінген. Олар іске қосылса, павлодарлық 1 200 бала балабақшаға бара алатын болады.

Соңғы жаңалықтар