Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан үш ер адам қаза тапты
ПАВЛОДАР. KAZINFORM -Павлодар облысы Көктөбе ауылының маңында болған қайғылы жол апаты 3 адамның өмірін қиды. Қайғылы оқиғадан тағы 9 адам зардап шеккен.

Жантүргігерлік жол-көлік оқиғасы 5 шілде күні Көктөбе ауылының маңында, Павлодардан 37 шақырым жерде тіркелген.
«Екі автокөлік соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.
Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтауды, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде мұқият болуды қатаң ескертті. Сондай-ақ көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды.
Өңірлік жедел жәрдем стансасының ақпарынша, жол апатынан тағы 6 адам зардап шеккен. Олар жергілікті ауруханаларға жеткізілген. Бірнешеуінің жағдайы ауыр. Зардап шеккендер арасында 17 жасар ер бала бар.
Еске сала кетейік, Астана-Павлодар автожолында жол апатынан 5 адам зардап шекті.