Павлодарда жарымжан жандарды қайыршылыққа мәжбүрлеген алаяқтар ұсталды

ПАВЛОДАР. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодарда Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 44 жастағы әйел мен 24 жастағы жігіт қолға түсті.
None
None

Олар мүмкіндігі шектеулі жандарды алдап-арбап, тегін жұмысшылар ретінде пайдаланды деп күдіктелуде. Бұл туралы аймақтағы ІІД баспасөз қызметінен мәлім етілді.

Мүгедектер еліміздің солтүстік және оңтүстік астаналарының және Ақтау қаласының көшелерінде өздерінің «қамқоршылары» үшін қайыршылықпен айналысуға мәжбүрленген.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің мамандары күдіктілерді «сатушы» кейпіне енген қызметкерге арбаға таңылған азамат үшін 200 доллар беру кезінде тұтқындады. Алаяқтар жарымжан жанның құжаттарын иеленіп, оны пәтерінен әкетіп те үлгерген.

Жаға ұстатарлық оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар