Павлодарда жас фотографтардың көрмесі өтуде

АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облыстық кітапханасының «Айна» галереясында «Ближний круг» атты жас фотографтардың шығармашылық тобы жұмысының көрмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Көрмеге 17 автордың жетпістен аса суреті қойылған.

Сурет өнерімен айналысатын адамдар бас қосқан «Ближний круг» тобын 2008 жылы павлодарлық танымал фотограф Едіге Ниязов құрған болатын. «Көрмеге қойылған әр кадрда жас, бірақ өз сурет жолын түйсінген, өз тақырыбы мен оны ашу мүмкіндіктерін іздеген авторды көруге болады», - дейді өнертанушылар.

Соңғы жаңалықтар
Референдум