Павлодарда жас отандықтардың патриоттық акциясы басталды

ПАВЛОДАР. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Павлодарда жас отандықтардың «Патриот» акциясы басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Колледж студенттері ? «Жас отан» жастар қанатының мүшелері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектердің пәтерлерін жинастыруды ұйымдастырып отыр. Қыз балалар қариялардың пәтерлерін мұнтаздай етіп жинап беруде. «Жас отандықтар» бұл бастаманы өздері ұйымдастырып отыр, дейді «Нұр Отанның» Павлодар филиалы төрағасының орынбасары Арман Әлиакпаров. Жастар қиын-қыстау кездері ел игілігі үшін, болашақ ұрпақтың бақыты үшін жанқиярлық ерлік көрсеткен ардагерлерге өз құрметтерін осылайша көрсетуде.
Соңғы жаңалықтар