Павлодарда жас полицей өзін өзі тапаншамен атқан

полиция оружие тапанша қару
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Ауыр жарақаттанған тәртіп сақшысы қазіргі күні аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция департаменті аталған оқиға бойынша тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Павлодар облысының Ертіс ауданында жас полицей өзін өзі табельдік тапаншамен ауыр жарақаттаған. 2002 жылғы туған жігіт қазіргі сәтте жансақтау бөлімінде жатыр.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады.

«Аталған оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Істің мән-жайлары мен себептері анықталады. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде», - деп хабарлады полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.

Еске сала кетейік, Өскеменде күйеуін бөлімшеге әкетпек болған полицейлерді ұрған әйел 4 жылға сотталды.

Видео: Павлодар облысы полиция департаменті

Соңғы жаңалықтар
telegram