Павлодарда жас полицейлер ант қабылдады

ант
Фото: Павлодар облысы ПД

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Құқық қорғау саласына жаңадан қабылданған қызметкерлер азаматтардың құқығы мен бостандығын құрметтеп, қорғауға, қызметтің қиындығына табандылықпен төзуге ант берді.

Ішкі істер органдарында қаза тапқан қызметкерлерді еске алу мемориалында өткен салтанатты шараға сала өкілдері мен ардагерлері де қатысты. Жас полиция қызметкерлері халық пен мемлекетке адал қызмет етуге ант қабылдады. 

ант
Фото: Павлодар облысы ПД

Павлодар қалалық Полиция басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаев бұл халыққа қызмет етуге арналған адалдық анты екенін және жас қызметкерлер оған әрдайым берік болуы керек екенін атап өтті.

«Сіздерге азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы жанқиярлықпен күресу жауапкершілігі жүктеледі. Әрқайсыңыз жүректің қалауымен полиция қатарына қосылып отырсыздар. Сондықтан антқа адал болыңыздар», – деді өңірлік Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Бақберді Абраев.

ант
Фото: Павлодар облысы ПД

«Ант қабылдау өмірімдегі ең маңызды сәт болып тұр. Погон тағу менің балалық шағымнан бергі арманым еді. Енді нағыз полицей болдық. Мен Отан алдында адал қызмет етемін, қылмысқа қарсы күресте әрдайым жұмылып жұмыс істеймін. Елдің тыныштығын сақтауға өз үлесімді қосамын», - дейді полиция кіші сержанты Уақ Әсем.

ант
Фото: Павлодар облысы ПД

Офицерлер мен сержанттар қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Соңғы жаңалықтар