Павлодарда жас суретшілердің «Ақбота» облыстық конкурсы өтті
Аймақтың 24 көркемсурет және орта мектептерінің, бейнелеу өнері студияларының тәрбиеленушілері көрмеге 138 жұмысын ұсынды. Қазылар алқасының мүшесі, танымал суретші Бота Машрапов балалардың қиял ұшқырлығын атап өтті.
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған полотноларда балғын суретшілер туған өлке табиғатын көркем кестеледі, Конкурс жүлдегері Настя Бобровничтің картинасында киіз үй жанындағы бота бейнеленген. Сурет қазақ ой-өрнегімен безендірілген. Ал тағы бір жүлдегер София Проскурякова жылқы, қоян, тағы басқа да жан-жануарларды шебер бейнелеген.
«Балғын суретшілердің шеберлік деңгейі өсіп келеді - қызықты да талантты жұмыстар көп», - деді Павлодардағы №1 көркемсурет мектебінің директоры Наталья Жилькова.
«Ақбота» конкурсында 24 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Оларға сертификаттар тапсырылып, сыйлықтар тарту етілді.