Павлодарда жасалған алып Қыдыр ата әлемдік рекордтар кітабына енді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Қыдыр ата инсталляциясының биіктігі - 5 метр 58,5 сантиметр. Оның шапаны мен бас киімін жергілікті шеберлер тіккен.

ф
Фото: Артем Викторов

Павлодар қаласында өткен «Қыдыр ата – береке мен бірліктің нышаны» атты ауқымды іс-шарада биіктігі 5,5 метрлік «Алып Қыдыр ата» инсталляциясы таныстырылды. Бұл ерекше композиция береке мен молшылықтың, бірлік пен ізгіліктің белгісі ретінде жиналған жұртшылықтың назарын өзіне аударды. Таныстыру рәсіміне Қазақстан рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов қатысып, алып нысанның Дүниежүзілік рекордтар кітабына («World Book of Records») енгенін мәлімдеді. 

ф
Фото: Артем Викторов

Жаңа рекордқа мұрындық болған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айнұр Жүгінісова Қыдыр ата бейнесін заманауи нұсқада дәріптеу арқылы жас ұрпаққа ұлттық дүниетанымды сіңіру және халықты бірлік пен берекеге шақыру сияқты міндеттер атқарылып отырғанын, сондай-ақ мұндай жобалардың маңызы тереңде екендігін атап өтті.

ф
Фото: Артем Викторов

Іс-шара аясындағы әсерлі сәттердің тағы бірі – әке мен балаға арналған ұлттық ерлер шапандарын бір мезетте кигізу рәсімі болды. Қазақтың ұлттық қолөнер дәстүрін жалғастырып жүрген шебер аналардың қолынан шыққан шапандар 500 қатысушыға арнайы дайындалған. Бұл рәсім әке мен бала арасындағы рухани байланысты, отбасылық тәрбиенің маңызын және ұрпақтар сабақтастығын терең бейнеледі. Одан кейін ақсақалдар ақ батасын беріп, көпшілікке ізгі тілектерін арнады.

ф
Фото: Артем Викторов

Еске сала кетейік, бұған дейін Ертіс бойында тігілген алып кимешек халықаралық рекордтар кітабына енді

ф
Фото: Артем Викторов
ф
Фото: Артем Викторов
ф
Фото: Артем Викторов

 

Соңғы жаңалықтар