14:02, 16 Ақпан 2013 | GMT +5
Павлодарда жасөспірімдерге арналған әскери-спорттық клуб ашылды
ПАВЛОДАР. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодарда жасөспірімдерге арналған «Каскад-ПВ» әскери-спорттық клуб ашылды.

«Бұл парашют және суасты спорт түрлерімен айналысатын жеткіншектер мен қыздарға арналған әскери-техникалық бағытқа бейімделген және әскери-тактикалық дайындық жүргізетін қаладағы алғашқы клуб. Мұнда жастар ҚР Қарулы күштерінде қызмет етуге дайындала алады», - деді клубтың ұйымдастырушысы, Павлодар облысы парашют спорты федерациясының президенті Руслан Феклистов.
Жасөспірімдерге арналған «Каскад-ПВ» клубын ашуға ҚР Ауған соғысы және жергілікті соғыстар ардагерлерінің одағы мен «Нұр Отан» ХДП ПФ қолдау білдірді.