11:42, 26 Маусым 2010 | GMT +5
Павлодарда Жастар күнін тойлау Жеңістің 65 жылдығына арналған фестивальмен басталады
ПАВЛОДАР. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда Жастар күнін тойлау мерекесі жексенбі, маусымның 27-сінде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Соғыспағандар - біз есте сақтаймыз!» жастар ұйымдарының фестивалімен басталады,

деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Түстен кейін Ертіс жағалауында рокерлер, рэперлер, брэйкерлердің жастар бейресми ұжымдары мен бірегей музыка жанрының әртістері өз өнерлерін көрсетпек.
Кешке қарай ән айтқысы келгендер «Мен - жұлдызбын!» караоке сайысына қатыса алады. Одан кейін павлодарлық ди-джейлер мен қаланың ән-би ансамбльдерінің қатысуымен би кеші ұйымдастырылады.
Белсенді түрде демалуды қалайтындарға арналып, көше футболы, жағажай футболы мен волейболдан жарыстар өткізіледі деп жоспарлануда.