Павлодарда жеке тұрғын үй құрылысы барысында бір адам қаза тапты
ПАВЛОДАР. KAZINFORM -Тағы бір адамның зардап шеккені анықталды. Полиция аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінен хабарлады.
- Еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы дерегі бойынша, Кенжекөл ауылында жеке тұрғын үйдің құрылысы кезінде екі адам зардап шеккен. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады,-деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, қайтыс болған адам құрылыс иесіне көмекке келген. Тәртіп сақшылары әзірше оқиғаның қалай өрбігенін айта алмайтындарын мәлімдеді. Барлығы тергеу іс-шаралары барысында анықталады.
Оқиғаға жергілікті еңбек инспекциясының өкілдері араласып жатыр.
Еске сала кетейік, кейінгі он күнде Қызылордада өндірістегі жазатайым оқиғадан 2 жұмысшы көз жұмды.