12:54, 21 Қаңтар 2015 | GMT +5
Павлодарда Жеңістің 70 жылдығы аясында ардагерлер 250 мың теңгеден сыйақы алады
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Жеңістің 70 жылдығын тойлау аясында ҰОС 186 ардагерінің әрбіріне қалалық бюджеттен 150 мың және республикалық қазынадан 100 мың теңгеден бөлінеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Үшінші жыл қатарынан ардагерлердің баспаналарында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2013 жылдан барлығы 187 пәтер жөнделді. Бес майдангерге мереке алдында пәтердің кілттері табысталады.
Бүгінде Жеңістің 70 жылдығын тойлау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ардагерлердің құрметіне әскери-патриоттық фестивальдер мен байқаулар, мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылуда.