12:25, 12 Қараша 2011 | GMT +5
Павлодарда «Жеткіншек және заң» акциясы аяқталуда
ПАВЛОДАР. 12 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - 1 қараша күні Павлодарда басталған «Жеткіншек және заң» акциясы бүгін аяқталады, деп хабарлады ІІБ қызметкері Жанна Белялова.
Осы күндері кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар тарапынан «Ашық есік күндері» өткізілді. Полицейлер балаларды облыстық ІІД мұражайына шақырып, Павлодар милициясының тарихымен таныстырды.
Балалар Жедел басқару орталығында болып, бейнебақылау камералары арқылы қылмыскерлерді қалай ұстауға болатынынан хабардар болды.
Облыс орталығының барлық оқу орындарында құқықтық тақырыптарға дәрістер оқылып, балаларға құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік түрлері түсіндірілді.