Павлодарда жыл басынан бері 82 пәтерді тонап кеткен

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Полицейлер пәтер ұрлығының алдын алудың бір амалы - дабыл жүйелерін орнату және кәсіби қауіпсіздік құрылымдарына жүгіну екенін айтады. Пәтерде темір есіктің болмауы мен құлыптың әлсіздігі қаскүнемдерге ойындағысын жүзеге асыруға ерік береді.

тонау  қарақшылық
Фото: Pixabay

Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 1192 ұрлық тіркелсе, соның ішінде 82 пәтер ұрлығы анықталған.

- Пәтер ұрлығы қалалар мен ауылдық жерлерде кең таралған қылмыстық істердің бірі болып отыр. Зиянкестер тұрғын үйге ену үшін әртүрлі әдістерді қолданады және олар мүлікті де, жолында кездескен адамды да аямайды. Тонаушылар көбіне қауіпсіздік деңгейі әлсіз нысандарды таңдайды. Бұл дегеніміз темір есіктердің болмауы, құлыптардың әлсіздігі немесе дабылдың болмауы,- деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тәртіп сақшылары пәтер ұрлығының алдын алудың бір әдісі-дабыл жүйелерін орнату және кәсіби қауіпсіздік құрылымдарына жүгіну екенін айтады. Мәселен, Павлодар қаласындағы дүкендердің бірінде дабылдың арқасында тауарды заңсыз алған адам ұсталды. Тағы бір жағдайда ұйымдардың бірінде мыс кабельдерін ұрлауға тырысқан азаматтың әрекетін дабыл тоқтатты.

Павлодарда ер адам дүкен кассасынан 800 мың теңгеге жуық қаражатты үптеп кеткен.