08:53, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
Павлодарда «Жол картасы» бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыстарға тендерлер жарияланды
ПАВЛОДАР. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының бұқаралық ақпарат құралдары мен аудандық әкімдіктердің, басқармалар мен департаменттердің сайттарында «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуларға тендерлер жариялана бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірде 493 жобаны қаржыландыруға 7,6 миллиард теңге бөлініп отыр. Атқарылатын жұмыстардың ауқымы мен оған бөлінген сомалар туралы мәліметтер сайттарда жарияланып отыр, мемлекеттік тапсырыстар алуға мүдделі барлық кәсіпкерлер мен мердігерлер олармен таныса алады. Тендерлердің ашық және жариялы өткізілуін қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссияларға мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілмек. «Жол картасы» бойынша барлық мемлекеттік сатып алулар қысқа мерзімнің ішінде жедел өткізу және жобаларды жүзеге асыруға ағымдағы айда кірісу жоспарланып отыр.