Павлодарда «Жол картасы» бойынша жұмыстарға 3 миллиардтан астам теңге бөлініп отыр

None
None
ПАВЛОДАР. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Жол картасы» бағдарламасының арқасында Павлодардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында жөндеу жұмыстарының үлкен ауқымы атқарылмақ.
Инженерлік желілерді, әлеуметтік ғимараттарды, жолдар мен аулаларды жаңартуға және жөндеуге 3,1 миллиард теңге бөлініп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мектептер, балабақшалар, аяқжолдар және 60 шақты аула жөндеуден өткізіледі. Орталық көшедегі жалғыз жерасты өткелін де ретке келтіру жоспарланып отыр. Вокзалдың төңірегін, саябақтар мен тынымбақтарды абаттандыруға қаржы бөлінді. Қалалық әкімдіктің бөлімдері жұмыс ауқымын анықтап, «Жол картасын» жүзеге асыру аясында мемлекеттік сатып алулар өткізуге әзірленуде.
Соңғы жаңалықтар
telegram