Павлодарда жол-көлік апатында жасөспірім көз жұмды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар полициясы ҚР ҚК 345-бабы - кісі өліміне әкеліп соқан жол-көлік апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Өткен сенбі, 8 қазан күні Кутузов көшесіндегі 21-үйдің маңында «ВАЗ-2112» автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі тұрақта орналасқан ГАЗ-53 көлігіне соқтығысты.

Салдарынан «ВАЗ-2112» автокөлігіндегі 16 жастағы жолаушы апат орнында көз жұмды, жүргізуші түрлі дене жарақатын алды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар