16:35, 18 Қазан 2013 | GMT +5
Павлодарда «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша білім алған трамвай жүргізушілерінің бірінші тобы даярланды
ПАВЛОДАР. 18 қазан. ҚазАқпарат - Павлодарда жұмыссыздар арасынан 25 жастан 47 жасқа дейінгі 16 адам трамвай жүргізушілерінің куәлігін алды, деп хабарлады «Трамвай басқармасы» АҚ баспасөз қызметінен.

Олар қаланың «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Жұмыспен қамту орталығы және трамвай басқармасы арасында жасалған шартқа сәйкес курсты аяқтады.
Жүргізушілер екі ай бойы теориялық дайындықтан өтті, 246 сағат желілерде машықтанудан өтуге бөлінді. Барлық 16 жаңа жүргізуші жұмысқа қабылданды.