Павлодардағы дүкенде мерзімі өткен шұжық пен күнбағыс майы сатылған

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Аймақтағы дүкендерге мониторинг жүргізіліп, сауда нүктелерінен 36 өнім түрі сатып алынған. Оның 25-і техникалық регламентке сәйкес келмесе, 18-нің сертификаты болмаған.

Колбаса шұжық
Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

Павлодар облысына Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының өкілдері арнайы келіп, азық-түлік сапасына мониторинг жүргізген. Олардың міндеті — сауда орындарынан түрлі өнімдерді сатып алып, аккредиттелген зертханаларда сынақтан өткізу. Сараптамаға ұсынылған сатып алулар тізімінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары да бар.

«Көптеген шетелдік өнімдер мәлімделген сипаттамаларға сәйкес келмеді. Көптеген жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және контрафактілік тауарлар анықталды. Тұтынушыларды өнім туралы хабардар етуде заң бұзушылықтар орын алған. Павлодарда барлығы 36 өнім түрі сатып алынды. Оның 25-і техникалық регламентке сәйкес келмесе, 18-інің сәйкестік сертификаты болмаған. Сатып алынған тауардың төрт түрі — түрлі шұжықтар мен өсімдік майының жарамдылық мерзімі өтіп кеткен», -дейді Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының өкілі Жанна Биятан.

Бұған дейін павлодарлық тексерушілер дүкендердің сөрелерінен 20-дан астам заң бұзушылықты анықтағаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар