Павлодардағы сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабардан кейін адамдар эвакуацияланды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - «Гулливер» сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар бүгін кешкілік түскен. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

СҚО ТЖД
Фото: СҚО ТЖД

Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар қызметінен хабарланды.

«3 наурыз күні сағат кешкі 18.02-де Павлодар қаласындағы «Гулливер» сауда үйінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Құқық қорғау органдары адамдарды эвакуациялады»,-деп хабарлады департаменттен.

Оқиға орнында қазіргі уақытта өңірлік төтенше жағдай департаментінің 17 маманы мен 3 автокөлік, апаттық медицина орталығының, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар