Павлодардағы жаңа канал келер көктемде іске қосылады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Ертіс-Успен каналы алғашқы бетте 1,4 мың гектар егістікті тіршілік нәрімен қамтамасыз етеді. Оған қазірдің өзінде Павлодар ауданының екі шаруа қожалығы қосылып үлгерген.

маэк
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі

Құрылысы біраз уақытқа созылған Ертіс-Успен су арнасы келер жылы аяқталады.

- Каналдың су келетін негізгі арнасы аяқталды, енді тек ортадағы бөгетті ашуымыз керек. Сорғы және электрмен қамтамасыз ету желілерін монтаждау жұмыстары жалғасып жатыр. Мичурин ауылында подстанса қойылып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса 11 шақырым магистральды канал қапталып, 6 аванкамераның 3-уі тапсырылды. Су 2025 жылдың мамыр айында жіберіледі,-деп атап өтті «Қазсушар» РМК «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» филиалының директоры Әділбек Шапатов.

Канал алғашқы бетте 1,4 мың гектар суармалы егістікті тіршілік нәрімен қамтамасыз етеді. Каналға техникалық қызмет көрсететін Павлодар ауданының екі шаруашылығы оған қазірдің өзінде қосылған. Оларға қажетті техникалық жағдайлар жасалған. Ертіс-Успен каналынан тағы 12 фермер су алуға ниетті. Болашақта канал 10 мың гектар жерді суаруға мүмкіндік береді деген жоспар бар.

Еске сала кетейік, Ертіс-Успен су каналының арқасында жылына қосымша 500 мың тонна ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру мүмкіндігі бар. 

Соңғы жаңалықтар