Павлодардағы алапат өрт орнынан тағы бір адамның мәйіті табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардағы кәсіпорында болған өрт орнынан тағы бір қаза тапқан адамның мәйіті табылды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
None
None

«Өртенген құрылғыларды аршу кезінде 01:31-де екінші мүрде табылды, оның тұлғасы анықталу үстінде», деп ақпараттандырды Р. Иманқұлов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өрт кезінде қаза тапқан бір адамның мүрдесі табылған болатын. Сондай-ақ түрлі дәрежеде күйік шалған нысан персоналының 3 қызметкері ауруханаға жатқызылған еді.

Еске сала кетсек, Павлодарда Солтүстік өнеркәсіптік аймақта орналасқан «Компания Нефтехим LTD» кәсіпорнының полипропилен шығаратын цехы отқа оранды. Суыт хабар 18:45-те түсті.

Аса күрделі өрт 23:08-де сөндірілді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі.

Соңғы жаңалықтар