Павлодардағы Даңқ ескерткішінің алдында «Жеңіс солдаттары» митингісі болды

ПАВЛОДАР. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Павлодарда Даңқ ескерткішінің алдында «Жеңіс солдаттары» митингісі болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жеңіс күні ? қалалықтар үшін қастерлі күн: отты жылдары облыстың 46 мың тұрғыны майданға аттанып, олардың 22 мыңы қаза тапты. Майданға азаматын аттандырмаған отбасы жоқ. Опат болғандарды еске түсіріп, бүгін Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алауға гүлдер қойылды.Ұлы Жеңістің 64 жылдығына орай Даңқ мемориалы алаңында әскери бөлімшелердің, жас кадеттердің салтанатты шеруі өтті.Мереке Ардагерлер саябағындағы танкистер ескерткіші ? тұғырдағы Т-34 танкінің жанында жалғасты. Мұнда Ұлы Отан соғысының және тыл еңбегінің ардагерлерін арнайы дастарқан күтіп тұрды. Ардагерлерді қалалықтар құттықтады, соғыс жылдарындағы сүйікті әуендер шырқалды.
Соңғы жаңалықтар