Павлодардағы құрылыс жасағына қатысушылар қураған ағаштарды кесіп тастап, ардагерлерді отынмен қамтамасыз етті

ПАВЛОДАР. 5 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін «Жасыл Ел» студенттік экологиялық жасағының жауынгерлері мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері теміржол вокзалындағы саябақта қуараған ағаштарды кесіп тастады,
None
None

деп хабарлады Павлодарлық СҚЖЖ-ның облыстық штабынан.

Қуарған ағаштарды жастар отынға кесіп, оларды соғыс және еңбек ардагерлерінің пешпен жылытылатын үйлеріне апарды.

«Егде жастағы адамдарға назар аудару шешімін жастардың өздері қабылдады. Біз қаланы қураған ағаштардан тазартып қана қоймай, отынды қажет ететіндерге нағыз көмек көрсетудеміз», - деді «Нұр Отан» ХДП-ның Павлодардағы облыстық филиалының «Жас Отан» ЖҚ-ның атқарушы хатшысы Ринат Балғабаев.

«Бүгінде республикада экологияға үлкен назар аударылуда. «Жасыл Ел» жастар жасақтарының жауынгерлері - аймақта табиғатты қорғау бойынша өткізілетін акциялардың белсенді қатысушылары», - деп атап өтті «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар жасақтары облыстық штабының командирі Сапар Шалабаев.

Бүгін жас экологтар қураған ағаштың он екі текше метрін ардагерлерге жеткізді. Қаланы қураған ағаштардан тазарту бойынша жұмыс жалғастырылуда, отынды қажет ететін 17 зейнеткерге көмек көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар