Павлодардағы өрт аумағы 6 есеге өсті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Білім ошағындағы өрт аумағы 6 есеге дейін ұлғайып, 1 220 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаладағы №28 орта мектептің бірінші корпусының екінші қабатынан өрт шықты. Оның аумағы 1 220 шаршы метр аумақты қамтып, бөлмелердің шатыры, жиһаздары өртенді», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент мамандары өрттің 10.15-те тоқтатылғанын атап өтті. Төтенше оқиғаның шығу себебі анықталуда.

«Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінен 70 қызметкер мен 13 техника, Апаттар медицинасы орталығынан 4 қызметкер мен 1 техника, жергілікті атқарушы органдардан 3 маман мен 3 автокөлік жұмыс істеді», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар