10:43, 06 Қазан 2012 | GMT +5
Павлодардағы «Самал» оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі жастар үшін клуб-дәмхана ашылды
ПАВЛОДАР. 6 қазан. ҚазАқпарат - Павлодардағы «Самал» оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі жас адамдар үшін клуб-дәмхана ашылды

Қоғамдық орталықтың тұрақты төрағасы Зинаида Багненко өзінің тәрбиеленушілері үшін дәмхананың ашылуын көптен бері армандаған еді. «Мұнда жайлы жағдайда целебралдық сал ауруымен ауыратын балалар мен жасөспірімдер бір-бірімен араласып, би кештері мен демалыстарын өткізе алады. Ересек балалардың кейбіреулері күніне екі-үш сағаттан даяшы, аспаз болып жұмыс істей алады, одан түскен шағын жалақы мүгедектік бойынша зейнетақыға қосымша болады. Жасөспірімдер өздерін еркін сезініп, еңбек дағдыларын алады», - деді ол.
«Самалдықтар» клубтың ашылуын ата-аналары және қонақтармен бірге көңілді мерекеледі - «Тәуелсіз өмір мектебі» жобасы өз жұмысын бастады.