Павлодардағы саңырауларға арналған интернат тәрбиеленушілері республикалық сурет байқауының жеңімпаздары атанды

Павлодар облыстық білім басқармасынан хабарлағандай, оны өткен жылдың соңында мәскеулік «Исток Аудио Трейдинг» ЖШБ ұйымдастырды.
Байқауға Қазақстандағы саңырау және нашар еститін балаларға арналған 14 интернаттан 200-ден астам бала қатысты. Өздерінің жұмыстарында олар қазақ халқының дәстүрлерін, өздерінің ел болашағын қалай көретіндерін бейнеледі.
Нәтижесінде павлодарлық Нұрбахыт Жүнісов, Айжан Тәтенова, Даниил Краснощековтың суреттері үздік деп танылды. Кәмил Аллаяровтың жұмысы бағалы сыйлықпен атап өтілді. Бұдан басқа, мектепке сабақтарды өткізуге арналған акустикалық жабдық қойылады. Интернат шәкірттеріне заманауи есту құрылғыларын орнату жөнінде ұсыныс жасалды.
«Шығармашылық сайыстың арқасында біз Орталық Азияның ең әдемі елдерінің біріне жаңаша қарап, оның талантты балаларына қарап тамсандық», - деп атап өтті байқаудың ұйымдастырушылары.