18:11, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
Павлодардағы сауда және көлік қызметкерлері мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселесін талқылады
ПАВЛОДАР. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасында сауда орталықтарының және қалалық жолаушылар көліктерінің басшыларымен кездесу болып өтті,

деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.
Жиналғандар мемлекеттік тілдің сауда және көлік кәсіпорындарында кеңінен қолданылуын талқылады. «Клинеттерге екі тілде қызмет көрсету - «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңының талабы», деп еске салды тілдерді дамыту басқармасының бастығы Қабжан Еділбай.
Кездесуге қатысушыларға оқу-әдістемелік құралдар мен «Сауда және тұрмыстық қызмет көрсету қызметкерлеріне арналған орысша-қазақша сөздігі» берілді. Павлодар облысында екі тілді енгізудің жарқын мысалдары бар. Қалалықтар үшін трамвайларда аялдамаларды, жолаушыларға қажетті ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде бірдей хабарлау және жарнамалардың қос тілде жариялануы үйреншікті әдетке айналды.