Павлодардағы тас жолды неге су алды - Владимир Беккер пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Баянауыл ауданына қарасты «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульянов» тас жолының 101 шақырымында еріген қар суы жолды шайып кеткен болатын, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, аталған жол учаскесі әлі жөнделген жоқ. Себебі ол жерде еріген қар суының біразы жиналып қалды. Сол суды өткізіп алу қажет. Бірақ алдағы жылдары ондай жағдай қайталануы әбден мүмкін. Өйткені жолды салғанда еріген қар суының жиналатыны ескерілген жоқ.

«Негізі, еріген қар суы жиналғанда жол бөгет сияқты суды ұстап тұрады. Сосын географиялық жағдай да бар. Судың барлығы сол жерге барып тіреледі. Жолды салғанда осыны ескеру керек. Дәл осы учаскені төсегенде есеп-қисап дұрыс жасалмаған тәрізді. Ол жерге суды өткізетін қосымша құрылғылар қажет. Әйтпесе, қазіргі жағдай жыл сайын қайталана береді», - деді В.Беккер Астанадағы баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульянов» тас жолының 101 шақырымында еріген қар суы жиналып, ұзындығы 6 метрді құрайтын жол жолағын шайып кеткен болатын. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды. Аталған жол бөлігі бір тәуліктің ішінде жөнделеді деген жоспар болған.

Соңғы жаңалықтар