11:08, 15 Шілде 2010 | GMT +5
Павлодардағы «Жұлдыз жарығы» эстрада әндері театрының жеке әншісі Ресейдегі халықаралық конкурста марапат топтамасына ие болды
ПАВЛОДАР. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы Оқушылар сарайының «Жұлдыз жарығы» эстрада әндері театрының жеке әншісі халықаралық балалар байқауынан жүлделер топтамасын ала келді. Шығармашылық байқау Қара теңіздегі Геленджикте Еуропа және ТМД елдерінен келген жас таланттардың басын қосты.

«16 жастағы Роза Мұқатаеваның еркін шығатын әдемі дауысы мен «Әлия» әнін сезімге беріле отырып орындауы қазылар алқасының көңілінен шығып, ол бірінші орынды, сонымен қатар мәскеулік композитор Вячеслав Тюлькановтан сыйлық ретінде авторлық әнін алып келді», - деп атап өтті ұжымның көркемдік жетекшісі Елена Валько.
Бірінші дәрежелі диплом мен үшінші орынның дипломын ала келген «Жұлдыз жарығы» театрының басқа да мүшелері фестивальде жақсы көрсеткішке жеткен.