Павлодардың қоғамдық көлік саласы қанша субсидия иеленіп отыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Билік өкілдерінің айтуынша, жолаушылардың 92%-ы жолақыны электронды жүйе арқылы төлейді. Бұл субсидия көлемін нақты белгілеуге мүмкіндік беріп отыр.

Павлодардың қоғамдық көлік саласы қанша субсидия иеленіп отыр
Фото: pavlodarnews

Биыл Павлодар облысының қоғамдық көлік саласын субсидиялауға 19,5 млрд теңге бөлінген.

– Бұл соманың 16,7 млрд теңгесі Павлодар қаласына, 1,6 млрд теңгесі Екібастұзға, тағы 440 млн теңгесі Ақсуға бағытталды. Автобус парктері субсидия төлемі болмаса өз шығындарын ақтай алмайтыны белгілі. Соған орай, оларға жетпеген қаражаттың орны бюджет қаражатымен толықтырылады, - деп хабарлады облыстық әкімдіктен.

Қазіргі уақытта облыстағы үш қалада электронды төлем жасағанда жолақысы – 100 теңге. Ал қолма-қол ақшамен төлесеңіз, жол ақысы 200 теңге болады.

Еске сала кетейік, Павлодарда қоғамдық көлікті оңтайландырудың нәтижесінде 4 млрд теңге қаражат үнемделетін болды.

Соңғы жаңалықтар