13:48, 09 Наурыз 2013 | GMT +5
Павлодардың әкімшілік соты ақпан айында 132 азаматқа айыппұл салып, 28-ін қоғамдық орындарды ластағаны үшін қамауға алды
ПАВЛОДАР. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодарда ақпан айында 132 азаматқа айыппұл салынып, 28 адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 330 бабымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлады қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінен.

Құқық бұзушылар қоғамдық пайдалану орындарын ластағаны үшін, темекі тұқылдарын, қоқыс пен шекілдеуік кебегін лақтырғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен олар жалпы сомасы 688 мың теңгені құрайтын айыппұл төлейді.