Павлодардың барлық мектептері бейнебақылау камераларымен жарақтандырылады

ВЛОДАР. 18 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Осы жылдың соңына дейін Павлодардың барлық қырық мектебі бейнебақылау камераларымен жабдықталады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі. Бүгінде мұндай жабдықтар 25 оқу орнына орнатылған.
None
None

«Оқу корпустарының іші-тысын бақылау үшін 6-дан 12-ге дейін камералар орнатылады», - деп атап өтті қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Сәбира Сейітова. - Олар аулалар мен спорт алаңдарын, киім ілгіштер мен асханаларды, спорт залдарын және 2-3 қабаттардың холлдарын, мектептер жанындағы шағын орталықтарды бақылайды. Мектептерде бейнекамералар пайда болғаннан бері оқушылардың тәртібі жақсарды, мектеп ауласында жасөспірімдердің арасындағы жанжалдар саны едәуір азайды».

Бейнекамераларды орнату оқу-тәрбие жұмыстарындағы кейбір кемшіліктерді жоюға да мүмкіндік береді. Сабақтарға кешігіп келу, дәлелсіз себептермен сабақтан кетіп қалу, үзілістер кезіндегі жанжалды оқиғалар, мектептердің материалдық базасын сақтау сияқты проблемалар азаяды.

Мектептерді бейнебақылау жабдықтарына бюджеттен 11 млн. теңге бөлінбек.

Соңғы жаңалықтар