10:34, 23 Қараша 2011 | GMT +5
Павлодардың бас шыршасы орталық алаңда орнатылды
ВЛОДАР. 23 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың «бас шыршасы» орталық алаңда орнатылды, жаңажылдық шырша шамдарының жағылу рәсіміне бір апта қалды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Павлодарда қоғамдық ғимараттардың қасбетін жаңажылдық безендіру жұмыстары басталып кетті.
«Түрлі-түсті гүл тізбектермен, жарқырауық шамдармен орталық көшелер, саябақтар және облыс орталығының субұрқақтары көріктене түседі, - деп атап өтті тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлімінің басшысы Ермұрат Нұрлыханов. - Жаңа жылдық шамдардың жарығымен Кутузов көшесі де жарқырайтын болады. Осы жылы алғаш рет Павел Васильев атындағы саябақ және Усоль шағынауданы жаңа жылдық мерекеге орай безендіріледі».