Павлодардың экологиясын жақсарту мақсатында кәсіпорындар 73 млрд теңге инвестиция құйды

«Павлодар облысында экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 33 іс-шарадан тұратын Жол картасы қабылданды. Оның басым бөлігін өнеркәсіптік кәсіпорындар іске асырады. Мәселен, табиғатты қорғау іс-шараларын орындау аясында облыс кәсіпорындары 5 жыл ішінде 73 млрд теңге инвестициялады. Атап айтқанда, Еуразиялық топтың кәсіпорындары 2030 жылға дейінгі Экологиялық стратегияны іске асыру шеңберінде «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы 2020-2021 жылдары екі сүзгіні реконструкциялады, бұл шаң шығарындыларын жылына 2,5 мың тоннаға төмендетуге мүмкіндік берді», - деді Серікқали Брекешев.
Министр Павлодар ЖЭО-да күл ұстайтын қондырғыларды кезең-кезеңімен реконструкциялау жоспарланғанына тоқталды. Ал Ақсу ферроқорытпа зауытындағы пештердің газ тазартқышындағы 7 қапшық ауыстырылған. Оның атап өтуінше, 1-ші және 2-ші Екібастұз мемлекеттік аудандық электр станциясында да нақты жұмыстар жүргізілуде.