Павлодардың қаржы полициясы жыл ішінде 99 сыбайлас жемқорлық қылмысты анықтаған

ПАВЛОДАР. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Өткен жылы Павлодардың қаржы полициясы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 99 қылмысты анықтады, 79 іс сотқа жіберілді.
None
None

Бұл туралы экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттері көптеп байқалған, жыл ішінде ондай 31 қылмыс тіркелген екен. Ауыр түрдегі сыбайлас жемқорлық қылмысының саны 45-тен 58-ге дейін өсіп кеткен. Келтірілген залал мөлшері 132,1 млн. теңгені құраған, бұл қаражат мемлекетке толықтай қайтарылып отыр.

Мысалға, Екібастұз қаласы әкімдігінің еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі бір ЖШС басшысынан 220 мың теңге алып жатқан жерінен қолға түскен.

Соңғы жаңалықтар